Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын қызметінен босатты
26 маусым, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Палата отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сенаттың қарауына Досжан Сарманқұлұлы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды. Ол судьялар қоғамдастығында жоғары беделге ие», - деді Дмитрий Малахов.
Сонымен қатар Жоғарғы сот судьясы қызметінен Герман Нұрбаев босатылды. Ол жақында ТМД Экономикалық сотының төрағасы лауазымына сайланған еді.
Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.
Ұқсас жаңалықтар
11 наурыз, 2026
Сенаторлар жаңа Конституцияның қоғам үшін маңызын түсіндірді
11 наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев: Жаңа Ата заң – сын-қатерлерге берілген жауап
2 наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашудың берік негізін қалыптастырады
27 ақпан, 2026
Мәулен Әшімбаев: Жаңа Конституция – ел дамуының құқықтық негізін қалайтын құжат