Қазақстан ерлер хоккей құрамасы әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті

4 мамыр, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан ерлер хоккей құрамасы әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті
Фото: ҰОК

Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Біздің хоккейшілер Жапония құрамасын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Бреус, Роман Старченко, Кирилл Ляпунов және Самат Данияр шайба авторы атанды.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақстан құрамасы Литваны жеңген болатын.

«Екі ойыннан кейін алты ұпай жинаған Қазақстан турнир кестесінде көш бастап тұр. Алда ел құрамасы Польша, Украина және Франция құрамаларымен кездеседі», деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, элиталық дивизионға екі құрама жолдама алады.