Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстерді 21 қарашадан қайта бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
Ұшу кестесіне сәйкес, сейсенбі күндері Ақтаудан рейс сағат 05:15-те ұшып, Дубайға 09:50-де қонады. Дубайдан кері рейс сағат 10:55-те ұшып, Ақтауға 17:25-те жетеді.
Сенбі күндері Ақтаудан ұшу уақыты – 07:20, Дубайға қону уақыты – 11:55, ал кері рейс Дубайдан 13:00-де ұшып, Ақтауға 19:30-да жетеді. Уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның әуе компаниясы Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіре бастағанын жаздық.