Астаналық зейнеткерлерден құралған «Тұмар» ансамблі Ташкент сахнасында өнер көрсетті

Бүгін, 17:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астаналық зейнеткерлерден құралған «Тұмар» ансамблі Ташкент сахнасында өнер көрсетті
Фото: ұйымдастырушылардан

Ташкент қаласында өткен «Азия узоры» халықаралық фестиваліне «Сарайшық» ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанындағы «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байқауға Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстан елдерінің өнер ұжымдары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Фестиваль аясында «Тұмар» ансамблі вокал номинациясы бойынша қазақтың халық әндерінің тақырыптарына арналған попурри орындап, Бас жүлдені иеленді. Ансамбльдің жетекшісі — Гүлфия Шаграева.

Сонымен қатар, ансамбль мүшелері жеке номинациялар бойынша да жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

 Биржан Булегенов — «Терме» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат атанса, Карлығаш Макажанова — «Вокал» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат атанды.

«Бұл жеңістер — ұжым мүшелерінің тынымсыз еңбегі, шығармашылық ізденісі мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Ансамбль халықаралық сахнада қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен музыкалық өнерін лайықты деңгейде танытты», - дейді ұйымдастырушылар.