Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Эмомали Рахмонды қарсы алды

7 қараша, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Эмомали Рахмонды қарсы алды
Фото: Ақорда

Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасапү.

Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік туларын желбіретіп ұшты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.

Еске салсақ, кеше Өзбекстан Президентінің Қазақстанға сапары аяқталғанын жаздық.