Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның елімізге ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Эмомали Рахмонды қарсы алды.
Одан соң Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді.
Сондай-ақ Тоқаев Тәжікстан Президентіне мемлекеттік награда табыстады.
Тоқаев пен Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығы туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Қазақстан мен Тәжікстан арасында 14 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.
Елордада Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды.



