Ақмола облысының республикалық индустриялық аймағына 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды
20 маусым, 2025
Фото: Үкімет
Ақмола облысында республикалық маңызы бар AQMOLA индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ауданы 1 мың гектарға жуық индустриялық аймақ елордаға жақын орналасқан. Бұл – жаңа зауыттар мен өндіріс ошақтарын ашуға қолайлы барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ. Қазіргі таңда мұнда жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын инвестицияға ие жеті жоба жүзеге асырыла бастады. Инвесторлар географиясы Қытай, Түркия, Сингапур және Қазақстан елдерін қамтиды. Жобалар аясында 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
13 наурыз, 2026
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді - Үкімет
11 наурыз, 2026
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды
10 наурыз, 2026
Бектенов: Отбасы банк халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі тиіс
10 наурыз, 2026
Олжас Бектенов елдегі құрылыс қарқынын сақтауды тапсырды