«Не қуанарымды, не қайғырарымды білмедім»: Ернар Айдар жақында ұлды болды
14 ақпан, 2025
Фото: instagram.com/ernaraidar_kz
Танымал әнші Ернар Айдар жеке өміріне қатысты жаңалықты жария етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесінің желтоқсан айында әкесі дүниеден озған еді. Сөзінше, сол күні келіншегі босанып, ұлды болған.
«Пенде болғасын арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүретіні белгілі. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы болатын күні таңда ұлым дүние есігін ашты. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Сөйтіп әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Қайғыдан құлазып жүрген мен, не қайғырарымды не қуанарымды білмей есеңгіредім. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ», «қайғы мен қуаныш қатар жүреді» деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім», – деп жазды әнші.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты