Елордада алты қабатты жатақханада өрт шықты
9 сәуір, 2025
фото: ТЖМ
Бүгін таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы жатақхананың мансард үлгідегі алтыншы қабатында өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, алғашқы құтқарушылар отряды келген кезде алтыншы қабат толығымен отқа оранған. Газ-түтіннен қорғау қызметі дереу құрылып, барлау жұмыстары басталды.
«ТЖМ күштерімен суды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етілді. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 50 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. 490 адам өздері қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді»,- делінген хабарламада.
Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады