«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді
10 қыркүйек, 2025
фото: Сыртқы істер министрлігі
Өткен аптада Непалда ірі әлеуметтік желілер бұғатталып, халық жаппай көтеріліске шықты. Бүгінде елде жағдай шиеленісіп отыр. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанның Үндістандағы елшілігі тұрақты байланыста екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Непалда біздің елшілігіміз жоқ. Бірақ біз Қазақстанның Үндістандағы елшілігімен тұрақты байланыста отырмыз. Ол жақтағы елшіліктің басты мақсаты - біздің азаматтарымыздың құқықтарын қорғау. Непалда тіркелген біздің азаматтарымыз жоқ»,- деп жауап берді Әлібек Бақаев.
India Today порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, Непалда әлеуметтік желілерге қатысты шектеу алынып тасталғанымен, наразылық білдірушілер премьер-министр Шарма Олидің резиденциясын өртеп жіберді.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Референдум: Шетелдегі 9 мыңнан астам Қазақстан азаматы дауыс берді
13 наурыз, 2026
Татарстанда жаңа Конституция жобасы таныстырылды
13 наурыз, 2026
Швецияда Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды
11 наурыз, 2026
Бельгияда қазақ жастары алдағы республикалық референдумды талқылады