Берік Әбдіғалиұлы: Амал мерекесі – адамдарды бір-бірімен жақындастыратын дәстүр

14 наурыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Берік Әбдіғалиұлы: Амал мерекесі – адамдарды бір-бірімен жақындастыратын дәстүр
Фото: facebook/berik.abdygaliuly

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Амал мерекесі құтты болсын!

Бұл күн адамдарды жақындастырып, татулық пен бауырмалдықты арттыратын, ұлттық дәстүріміздің мәйегіне айналған ерекше мереке.

Амал мерекесі халқымызды ізгілікке үндейтін, үлкен мен кішіні табыстырып, жүректерді жақындастыратын мәні терең рухани дәстүрдің бірі», - деді ол.