Референдум-2026

«Астана - Алматы» автожолының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

Бүгін, 12:54
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Астана - Алматы» автожолының бір бөлігінде қозғалыс шектеледі
Фото: ҚазАвтоЖол

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автокөлік жолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Осыған байланысты 12–20 тамыз аралығында 1121–1186 шақырым учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін көлік құралдарының қозғалысы айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, жол бойындағы уақытша белгілердің талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелерде жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындау қажет.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін сақтау сұралады.

Еске салсақ, елімізде көлік ең көп жүретін ақылы жолдар рейтингі жасалды.