Шымкент тұрғындары үшін енді Каирге тікелей бағыт ашылды
24 ақпан, 2025


Фото: Pixabay
Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
«Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент-Каир бағыты бойынша Мысырға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) Boeing 737-800 және Boeing MAX 8 типті әуе кемелерінде орындалады», - делінген хабарламада.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады