Рамазан айына орай @MuftyatBot іске қосылды
18 ақпан, 2025


фото: ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен @MuftyatBot Telegram-боты іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бот жұмысын Бас мүфти төрағалығымен Рамазан айына орай өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынхан таныстырды.
Оның айтуынша, Telegram қолданушылары жаңа бот арқылы Рамазан кестесін жүктеп, мүфтият ресми сайтында жарияланған ақпараттар мен мақалаларды, сұрақ-жауап, пәтуаларды оқи алады. Сондай-ақ бот арқылы діни сұрақтарын қойып, Шариғат және пәтуа мамандарынан жауап алуына мүмкіндік бар.
Жаңа Telegram боттың қосылу сілтемесі: https://t.me/muftyatbot.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады