Рамазан айы: Пітір садақа мөлшері бекітілді
18 ақпан, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, осы жылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.
Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады