Қостанайда екі әйелді пышақтаған ер адам ұсталды
11 наурыз, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады Elordainfo.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап.
Alau.kz оқырмандары 9 наурызда болған оқиға туралы хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрын әйелдер мен ер адам таныс болған. Олар ішімдік ішкен. Ер адам екі әйелге де пышақ салды. Салдарынан 44 жастағы әйел қайтыс болды, ал 52 жастағы келіншек ауруханаға жеткізілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 53-жастағы күдіктіні ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады