Құны 147 млн теңгеден асатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды
30 сәуір, 2025


Фото: gov.kz
Ұлытау облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Қадағалау актілері бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын, жалпы ауданы 90 000 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады