Наурыз айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы
1 наурыз, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
«Қазгидромет» синоптиктері 1-3 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Наурыз айының алғашқы күндерінде батыс өңірлерде циклон әсері күшейіп, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын болады деп болжанып отыр.
2 наурыз күні солтүстік-батыста қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, ал 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады деп күтілуде. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні күшеюі мүмкін.
Синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болатынын ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады