Елордада «маньяк» жүр: полиция түсініктеме берді
10 сәуір, 2025


фото: Оңалхан Өнерхан
Әлеуметтік желіде елордадағы «Көктал» шағын ауданында «маньяк» пайда болып, жасөспірімдерге шабуыл жасап жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Желіде тараған ақпаратта белгісіз ер адамның суреті де бірге берілген.
«Көкталда жасөспірімдерді асып кетіп жатыр, 4 құрбан бар»,- делінген хабарламада.

Алайда Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Көктал шағын ауданында жасөспірімдерге шабуыл жасайтын маньяк туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Елордадағы жағдай бақылауда»,- деп жазылған полиция хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады