Биыл елімізде рекордтық көлемде тұрғын үй пайдалануға беріледі
4 наурыз, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл рекордтық көлемде, кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол бұл нәтижелерге жаңа инфрақұрылымды салудан және ипотекалық несие көлемін ұлғайтудан бастап жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі барлық аспектілерді қамтитын бастамалар арқылы қол жеткізілетінін түсіндірді.
«Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар жалпы ішкі өнімнің өсуіне кемінде 2 пайыздық тармақ қосып, биыл оның айтарлықтай өсуіне алып келеді», - деп толықтырды Серік Жұманғарин.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады