Қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетілді
24 ақпан, 2025


Фото: Freepik
Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылынан 10 шақырым жерде бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Жедел келген құтқарушылар жолдың тазартылған учаскесіне 4 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Авариялық-құтқару операциясының нәтижесінде қар құрсауында қалған 8 адамға көмек көрсетілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
ТЖМ жүргізушілерге қозғалысты жоспарлау кезінде ауа-райы болжамын ескеруге кеңес береді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады