Ақтөбе облысында қылмыстық топ «әлеуметтік» газды жасырын сатқан
6 ақпан, 2025


фото: Polisia.kz
Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болған.
«Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:08
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

Бүгін, 12:56
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

Бүгін, 09:07
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады