Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар
2 қазан, 2024


Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Соңғы деректерге сәйкес, елімізде Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.
Сонымен қатар құрамында «атом» сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:
- Атомжан – 2 адам;
- Атомбек – 6 адам;
- Атомвек – 2 адам;
- Атомтай – 1 адам.
Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:31
Мүгедектікті белгілеу бойынша 62 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды