Жеңістің 80 жылдығы: Елімізде «Ерлікке тағзым» республикалық акциясы өтіп жатыр

25 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жеңістің 80 жылдығы: Елімізде «Ерлікке тағзым» республикалық акциясы өтіп жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанда «Ерлікке тағзым» республикалық апталығы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл акцияның мақсаты – батырлардың ерлігін еске алу, тарихқа тағзым ету және жастарды отаншылдыққа баулу.

Игі бастама аясында ел бойынша жалпы 86 іс-шара жоспарланған. Онда 10 мыңға жуық волонтер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Волонтерлер ескерткіш аймақтарын абаттандырып, монументтерді қалпына келтіріп, ескерткіш маңын тазалауда. Сонымен қатар ардагерлерге де көмек көрсетіп жатыр.

Іс-шаралар еліміздің түрлі өңірлерінде, атап айтсақ Абай, Ақмола, Қостанай және Атырау облыстарында өтіп жатыр. 

«Ерлікке тағзым» апталығы – ардагерлердің ерлігін ұлықтап, жастарды отансүйгіштікке баулуға арналған маңызды бастама. Бұл бастама өткен мен болашақтың арасындағы байланысты нығайтып, қоғамда ортақ құндылықтар қалыптастырады.