Cоғыс ардагерлерін іздеуге арналған «Батырларға тағзым» онлайн платформасы іске қосылды
21 сәуір, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін іздеуге және байланыстыруға арналған «Батырларға тағзым» атты онлайн платформа іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Онлайн платформаға Ұлы Отан соғысының ардагерлері жайлы тың мәліметтер жариялауға, сол сияқты батырлар жайлы ақпараттар табуға болады.
Оған қатысу үшін Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагердің тарихын, фотосуретін және жұрт білмейтін қырлары, сондай-ақ құжаттары, алған наградалары, соғысқан аймақтары жайлы ақпарат жариялауға болады.
«Батырларға тағзым» жобасы Ұлы Отан соғысына үлес қосқан отандастарымыздың жадын сақтау үшін арнайы құрылған, бұл біздің ортақ тарихымыз бен парызымыз, бұл біздің соғысқа қосқан үлесіміз», - деп жазды платформа басшылығы.
Ұқсас жаңалықтар

10 мамыр, 2025
Астана филармониясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті

10 мамыр, 2025
Соғыс жылдарында үзбей күнделік жазған жауынгердің қолжазбасы жарияланды

10 мамыр, 2025
Әлия Молдағұловаға арналған өлең оқыған бес жастағы қыз көпшілікті тәнті етті

9 мамыр, 2025
Норвегияда қазақстандық жауынгерге арналған мемориал ашылды