ТЖМ кубогы: Елордалық команда үздіктер қатарынан көрінді

Бүгін, 09:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views76
ТЖМ кубогы: Елордалық команда үздіктер қатарынан көрінді
Фото: ТЖМ

Петропавл қаласының «Қарасай» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кубогына арналған VIII турнирдің салтанатты жабылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тартысты додада жеңімпаздар анықталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:

1-орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрамасы; 

2-орын – Астана қаласы ТЖД құрамасы;

3-орын – Батыс Қазақстан облысы. 

Әйелдер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:

1-орын – Астана қаласы ТЖД құрамасы;

2-орын – Алматы қаласы ТЖД құрамасы;

3-орын – Шымкент қаласы ТЖД құрамасы.

Турнир қорытындысы бойынша алдағы уақытта болатын әлем чемпмонаттарына дайындық жұмыстарын бастау мақсатында ҚР алдын ала ұлттық құрама командалары іріктелді.