Президент астаналық шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады

Фото: instagram.com/m_kamalidenova
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

12 қазан, 2025
Елордалық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды

10 қазан, 2025
Астаналық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

9 қазан, 2025
Елордалық студент TurkicSkills-2025 чемпионатында жүлделі орынға ие болды

8 қазан, 2025
Астанада полиатлоннан әлем кубогының жеңімпаздары марапатталды