Жас таэквондист Мексикада әлем чемпионы атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жас таэквондист Мексикада әлем чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі сайтынан

Мексиканың Мазатлан қаласында мектеп оқушылары арасында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Астанадан барған жас спортшы турнирде чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

27-07-6.jpeg

Турнирге әлемнің 14 елінен келген оқушылар қатысты. Қазақстан құрама командасына «King Club Astana» және «Legion» отандық таеквондо клубтарының үздік өкілдері кірді.

Жарыстың бірінші күні елордадағы  «Нұр-Орда» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Аятжан Әмірханов (жаттықтырушылары – Арал Садықов, Динара Қабдулова) 12 жасқа дейінгі топта 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына ие болды.

27-07-5.jpeg

Командалық есепте Қазақстан құрамасы Тайвань мен Бразилия құрамаларынан кейінгі үшінші командалық орынға жайғасты.