Терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды
18 ақпан, 2025


Фото: freepik.com
Кеше ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады Elordainfo.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар