00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТЖД көліктерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады

25 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТЖД көліктерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады
фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Көліктегі өрт қауіпсіздігі» туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Мамандар өрт қауіптілігінің сақталуына байланысты Астана тұрғындары мен қонақтарына тұрмыста және табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. 

Бүгінгі таңда Астанада 430 мың автокөлік бар, күн сайын облыстан қалаға қосымша 90 мың көлік келеді. Осыған байланысты көлік өрті бойынша жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Ұзақ уақыт бойы механизмдері мен электр жабдықтарының ақаулары бар автокөлік құралдарын пайдалану, сондай-ақ әртүрлі қосымша электр жабдықтарын (тұтану жүйесі, жарықтандыру аспаптары, жарық және дыбыстық дабылдар және т.б.) рұқсатсыз пайдалану қызып кетуге, электр жабдықтарының қысқа тұйықталуына әкеледі де нәтижесінде өрт шығуы мүмкін.

Жүргізілген талдауға сәйкес 10 және одан да көп жылғы көлік құралдарының тобы өртке бейім болып тұр. Мысалы, 2018 жылдан бастап қала аумағында 1 023 көлік өрті тіркелген. Аталған кезеңде қоғамдық көлікте 36 өрт тіркелді. Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында автопарк басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалар қаладағы қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйіне бақылауды күшейтуі қажет, - деді Е.Отарғалымұлы.

Айта кетейік, көліктегі өрттердің негізгі бөлігі шетелдік өндірістегі автомобильдерде болады, ұзақ қызмет ету мерзімі де, бәсекелестік ортада техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуі де әсер етеді.