Шоу, түрлі сыйлықтар: Есіл өзенінің жағалауында есірткіге қарсы іс-шара өтеді

Бүгін, 09:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Шоу, түрлі сыйлықтар: Есіл өзенінің жағалауында есірткіге қарсы іс-шара өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда 26 маусым күні «Есірткімен болашақ жоқ!» атты нашақорлыққа қарсы ауқымды шара өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Акция сағат 11:00-де басталып, 15:00-ге дейін жалғасады. Оған 14 пен 35 жас аралығындағы қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады.

Негізгі мақсат – жастардың назарын есірткінің қауіптілігіне аудару, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамның есірткі қылмысына қарсы күшін біріктіру.

Бағдарлама аясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері сөз сөйлейді. Сонымен қатар музыкалық және би қойылымдары, викториналар, арнайы жасақ пен кинологтардың көрсетілімдері ұсынылады. Сондай-ақ антинаркотикалық бағыттағы жұмыста үлес қосқан серіктестерді марапаттау рәсімі өтеді.

Бұдан бөлек, шараға қатысушылар арасында құнды сыйлықтар ойнатылады: велосипедтер, смартфондар, сымсыз құлаққаптар, смарт-сағаттар және тағы да басқа жүлделер бар.