«Шаңырақ күні» елордалық жас аналарға сыйлық тарту етілді
Ic-шараға Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбек-ұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бауыржан Бектұрсынов қатысты, деп хабарлайды Elorda.info.
Акцияда аудан әкімі жас аналарды құттықтап, оларға туу туралы куәліктерді табыс етті.
Бүгін Наурыз меркесінің онкүндігі бойынша 17 наурыз – «Шаңырақ күнімен» сәйкес келіп отыр. Шаңырақ - қазақ халқы үшін киелі ұғымдардың бірі. Оның негізгі мағыналарының бірі – отбасы. Ал әрбір отбасы сәбидің күлкісінің сыңғырымен бақытты. Мереке күні осындай отбасылық құндылықтар идеологиясын насихаттау аясында біз бүгінгі іс-шараларымызды, ең алдымен, №2 қалалық ауруханадағы перинаталды орталықтан бастауды жөн көрдік. Міне, осындай қуанышты күні жас аналарды құттықтап, дүние дидарын жаңадан ашқан сәбилердің куәліктерін табыс еттік, - деді Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбек-ұлы.
Акцияда, сондай-ақ, жас босанған аналарға аудан әкімшілігі атынан сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, Есіл ауданы әкімдігі 8 наурыз – Арулар мерекесінде де аудандағы 2 «Күміс алқа», 21 «Алтын алқа» иелерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.