Сенат депутаттары елордалық ұйымдардың ұжымдарымен кездесті


2025 жылғы 1 шілде күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары – Б.Жексенбай, М.Қожаев және Г.Шиповских елордадағы бірқатар әлеуметтік мекемелердің еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сапар аясында депутаттар Ұлттық балаларды оңалту орталығына және Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» мекемесіне барды.
Кездесулер барысында Сенат депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмалары мен елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформалар туралы жан-жақты ақпарат беріп, Парламенттің заң шығару жұмыстары мен қабылданып жатқан заңнамалық бастамалар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Еңбек ұжымдары өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, әлеуметтік қорғау, медицина саласын дамыту, еңбек жағдайын жақсарту және кадр тапшылығын шешу мәселелерін көтерді.
Сенаторлар айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алып, оларды тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қарастыруға уәде берді.
Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатуға және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тиімді алаң болып табылады.