Үркер тұрғын алабында жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама өтті

коллаж: Elordainfo.kz
Бүгін елорданың Үркер тұрғын алабында қалалық Музыкалық жас көрермен театры, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония және М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының шығармашылық топтары өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мерекелік шаралар Жағалау ықшам ауданында жалғасын табады. Мұнда 29 желтоқсан күні сағат 12:00-де Сығанақ көшесі, 1 мекенжайында орналасқан кеңістікте Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына өнер көрсетеді.
Айта кетейiк, бүгін елордада мерекелік бағдарламалар басталды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:01
Елордада Taza Qazaqstan акциясы аясында велошеру ұйымдастырылды

Бүгін, 13:36
Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 11:12
Астанада «Үздік жас отбасы» байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр

Бүгін, 10:20
«Тұралаған туризмді тірілту керек» – Жарқынбек Амантайұлы