«Үркер» тұрғын алабында жаңа өрт сөндіру депосы ашылады

Бүгін, 18:42
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Үркер» тұрғын алабында жаңа өрт сөндіру депосы ашылады
фото: instagram.com/tzeinulkabden

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Келесі айда «Үркер» тұрғын алабында жаңа өрт сөндіру депосы ашылады. Осы уақытқа дейін тұрғындардың және мәслихат депутаттарының өтініштері бойынша өртті сөндіру жұмыстарын Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері (көршілес орналасқан Қараөткел елді мекені) елордалық әріптестерімен бірлесе атқарып келді. Бұл мақсатта өзара іс-қимыл жоспары әзірленіп, жүзеге асырылған болатын. Соның нәтижесінде өрт сөндірушілердің оқиға орнына жету уақыты едәуір қысқарып, қауіпсіздік деңгейі артты»,- деді Табиғат Зейнұлқабден.

фото: instagram.com/tzeinulkabden

Мәслихат төрағасының сөзінше, аталған нысанда тұрғын алаптың белсенді тұрғындарымен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелер талқыланған.

фото: instagram.com/tzeinulkabden

«Сондай-ақ жедел-құтқару жасағы мен №3 өрт сөндіру бөлімшесіне барып, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы, еңбек жағдайы және қызмет сапасы жөнінде пікір алмастық.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларға жедел ден қою бойынша инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін тұрақты комиссия отырысында жан-жақты қарастыратын боламыз»,- деп жазды ол.