00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әр ата-ана балаға күніне 15 минут уақыт бөлу керек – педагог

Әр ата-ана балаға күніне 15 минут уақыт бөлу керек – педагог
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанада «Заманауи мектеп: даму және ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты республикалық семинар өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

 

07-02-5.jpg

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде өтіп жатқан семинарға Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Астана қаласының орта білім беру ұйымдарының басшылары қатысуда. 

07-02-3.jpg

Педагогтерге арналған жиында мұғалімнің кәсіби дамуын басқару, «оқушы - педагог- ата-ана» үштік одағының маңыздылығы жайлы айтылады.

Іс-шара білім саласындағы мамандардың үздіксіз кәсіби дамуына арналған. Мектеп қабырғасында жүріп ғалым болуға болатынын қазір әлемдік тәжірибе дәлелдеп жатыр. Бүгін әріптестермен бірге «Баланы жан-жақты зерттей отырып, қалай дамытуға болады?» деген сауалға жауап іздейтін боламыз, - деді Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің директоры Күлжан Түлеуова. 

07-02-4.jpg

Оның айтуынша, балаға тәрбие беру үшін әр ата-ана күніне кем дегенде 15 минут бөлгені дұрыс.

Бала тәрбиесінде ең маңызды дүние бар. Бұл – балаға уақыт бөлу. Мектепте үзіліс кезінде баланы тәрбиелеуге 15 минут уақыт бөлуге болады. Осы орайда ата-аналарға айтарым, балаға ақыл-кеңес, пайдалы дүниелерді айтуға да осы уақыт жеткілікті. Сондықтан күн сайын балаға тәрбиені  мектепте педагогтер, үйде ата-ана берсе, болашақта саналы әрі білімді ұрпақты өсіреміз, - деді мектеп басшысы.