Президент «IQanat» финалистеріне сөз жолдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент «IQanat» финалистеріне сөз жолдады
коллаж Elorda.info

Бүгін Астанада республикалық IQanat олимпиадасы аяқталды, деп хабарлады  Elorda.info.

 

Оның жеңімпаздары Бурабай қаласындағы IQanat орта мектебінде тегін білім алады. Елордаға республиканың түкпір-түкпірінен 800-ден астам дарынды оқушы жиналды. 

 

Ал олимпиада жеңімпаздарын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек және Еркін Длімбетов, Нұрасыл Жарбасов, Қанат Көпбаев, Айдын Рахымбаев секілді 100-ден астам қазақстандық кәсіпкер құттықтады. 

 

Марапаттау салтанатында қатысушылар алдында сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы үндеуін оқып берді. 

 Құрметті қатысушылар! Сіздерді «IQanat» олимпиадасының финалына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сапалы білім, бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Өркениетті қоғамды - еңбекқор, жасампаз, адал азаматтар ғана құрайды. Сондықтан озық ауыл оқушылары арасында олимпиада өткізудің маңызы зор», - деп жазылған хабарламада.

 

Олимпиада 3 кезең бойынша өткізілді. Оған еліміздегі  ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары қатысты. Бірінші кезеңге 37,7 мың оқушы, екінші кезеңге 7,7 мыңнан астам бала қатысты. Қорытынды, ІІІ кезеңге яғни  «IQanat» олимпиадасының финалистерінің республикалық слетіне 824 ауыл оқушысы жиналды.