Полиция велосипед ұрлығынан сақтану шараларын еске салады


Полиция велосипед ұрлығынан сақтану шараларын еске салады, - деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көктемгі велосипед маусымының басталуымен қалада екі дөңгелекті көліктердің ұрлану фактілері жиілеп кетті. Күдіктілер әдетте велосипедтер иесіз қалғанда – тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендер мен көшелерде – ұрлық жасайды. Мәселен, полиция қызметкерлері велосипед ұрлығы дерегін әшкереледі: таңертең ерте 32 жастағы ер адам куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйдің ауласынан құны 100 мың теңгеден асатын Trinx велосипедін ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
Полиция тұрғындарға келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады: 1)велосипедті тіпті қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмаңыз; 2)сенімді құлыптар мен қарсы ұрлық құрылғыларын қолданыңыз; 3)велосипедті қозғалмайтын заттарға бекітіп қойыңыз.
Күдікті адамдарды немесе ұрлық фактілерін байқасаңыз, бірден 102 нөміріне хабарласыңыз.