00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Паралимпиада ойындарына қатысатын астаналық спортшыларға құрмет көрсетілді

Паралимпиада ойындарына қатысатын астаналық спортшыларға құрмет көрсетілді
Elordainfo.kz

XVII Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама командасы мүшелеріне Астана қаласы әкімі орынбасары Ерік Мейірханов сәттілік тіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Ол, сондай-ақ,  QAZAQSTAN жеңіл атлетикалық спорт кешеніне жиналған өзге де спортшылар мен сала ардагерлерін ҚР Спорт күні мерекесімен құттықтады.  

Құрметті астаналықтар! Қадірменді спортшылар мен жаттықтырушылар! Баршаңызды ҚР Спорт күні мерекесімен құттықтаймын! 

Бұл күн - спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегі мен жеңістерін мерекелейтін күн. Қаламыздың абыройын асқақтатып, спорт әлемінде үстем етіп жүрген спортшыларымыз жетерлік. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің спортшылары халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, көк байрағымызды биіктен желбіретіп келеді. Жақында Францияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан 25 спорт түрінен қатысып, 7 медаль жеңіп алды. Бұл жарыста Астана спортшылары да ерекше көзге түсті. Әсіресе, 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Күміс медаль иеленген Нұрбек Оралбайды атап өткім келеді, - деген Астана қаласы әкімі орынбасары Ерік Мейірханов аталған спортшыларға гүл шоғы мен сый-сияпат табыстады.


Бұдан кейін спортшылар мен осы сала ардагерлері ҚР Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы және басқа да Алғысхаттармен марапатталды. 

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрама командасында 9 спорт түрінен 33 лицензия бар. Паралимпиада ойындарында Астана қаласының 5 спортшысы бақ сынайтын болады. Олар: пара оқ атудан Севда Алиева, паражүзуден Сиязбек Дәлиев, парадзюдодан Ерғали Шәмей, Ақмарал Науатбек және Бауыржан Арыстанбеков. 

Айтулы додада еліміздің көк туын ұстаушылардың бірі - астаналық пара оқ атудан спорт шебері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиева.