00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алдағы күндері елорда көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады

Алдағы күндері елорда көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылады
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Астананың кей көшелерінде 7-10 тамыз аралығында көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.

 

«Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен Есіл (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Ұлы дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандар көшесі), Нұра (Тұран, Ұлы дала даңғылы) және Алматы (Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов көшелері) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстары пайдаланылады.

«Осыған байланысты, Астана тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп ескертті Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері.