00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Майк Тайсон шаршы алаңға оралады

Майк Тайсон шаршы алаңға оралады
Фото: Sarah Stier/Getty Images for Netflix

58 жастағы боксшы Майк Тайсон күзде танымал блогер Джейк Полмен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

MVP промоутерлік компаниясының мәліметінше, жекпе-жек 15 қарашада Техаста 80 мың адамға арналған AT&T Stadium стадионында өтеді.

19 тамызда Нью-Йоркте Тайсон мен Пол көз түйістірген болатын. Көз түйістіру барысында екеуі бірін-бірі итеріп жіберді.

Айта кетейік, Майк Тайсон мен Джейк Пол арасындағы кездесу 21 шілдеге жоспарланған еді. Алайда Майк Тайсон ұшақта өзін нашар сезініп, жекпе-жек кейінге шегерілді.

Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтады және содан бері тек екі мәрте коммерциялық жекпе-жекте өнер көрсетті. Соңғы мәрте ол 2020 жылы аты аңызға айналған боксшы Рой Джонспен кездесу өткізіп, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.