Мангалды пайдалануға қатысты талаптар: ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды


ТЖМ елді мекендерде және саяжай аумақтарында от жағу тәртібіне қатысты қауіпсіздік талаптарын күшейтіп отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Үй жанында, саяжайларда от жағуға болмайды деген норма бұрыннан бар. Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес, алауды, мангалды немесе гриль жабдықтарын пайдаланған кезде міндетті түрде жанында кемінде 2 кг көлеміндегі өрт сөндіргіш немесе 10 литр су болуы қажет», – деді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Аспандияр Сапарғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, мұндай құрылғыларды ғимараттардан кемінде 10 метр қашықтықта орналастыру қажет. Сонымен қатар, оларды құрғақ шөптің үстінде, ағаштың астында, жанғыш материалдан жасалған жабындардың астында, балконда, лоджияларда және гараждарда орнатуға қатаң тыйым салынады.



