00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәслихат депутаттары оқушыларға тағы да 50 рюкзак табыстады

Мәслихат депутаттары оқушыларға тағы да 50 рюкзак табыстады
Фото: Ерлан Каналимовтың Facebook парақшасынан

Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол 10 жылдан астам уақыт бұрын бастау алған партиялық жобаның бүгінгі таңда әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға көмек көрсететін ауқымды республикалық акцияға айналғанын айтты. Биылғы жылы мәслихат депутаттары «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға барлық мектеп керек-жарақтары бар 500-ден астам рюкзак сыйлаған.

«Бүгін «AMANAT» партиясының елордалық филиалында салтанатты жағдайда тағы 50 рюкзак табысталды. Әр рюкзактың ішіндегі заттар оқу жылы бойына жететіндей етіп жасалған. Қазіргі таңда Астанада шамамен 3 мың оқушы көмек алды. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын акция аяқталғанға дейін тағы 8 мың баланың қамтылуы жоспарлануда», - деп жазды Е.Каналимов.