Мәскеудің Астанадағы мәдени күндері мерекелік концертпен аяқталды
Елордада «Мәскеу мәдени күндері» аясында ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен жаңа жылдық концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жаңа жылдық концерттің басталуында Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкин сөз сөйледі.
Астанада танымал ресейлік және мәскеулік әртістер сондай-ақ жас орындаушылар өз өнерлерін көрсетеді. Бұл концерт «Мәскеу күндері» жобасы аясында өткізілген бірқатар іс-шараларға толы. Музыкалық қойылымнан бөлек, бағдарламада театр қойылымдары, жаңа жылға арналған балаларға ертеңгіліктер болды. Ойын-сауық бағдарламасымен қоса, мәскеуліктер Астанадағы әріптестерімен бірге ікерлік форумдарға қатысып, тәжірибе алмасты. Бастысы жоспарланған барлық іс-шара сәтті өтті, - деді елші.
Сондай-ақ Алексей Бородавкин іс-шараны бірлесе атқарғаны үшін Мәскеу мэрі мен Астана әкімдігіне алғысын білдірді.
Концерттің ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты. Ол Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасының маңыздылығы туралы айтты.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап Ресей Федерациясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді. Осыған байланысты Астана мен Мәскеу дәстүрлі түрде өзара сыйластық пен одақтастық қағидаттарын сақтайды. Әсіресе «Мәскеу күндері» бағдарламасының басты оқиғасы «Ақылды қалалар» іскерлік форумын өткізу болды. Елордалық сарапшылар мен бизнес өкілдері цифрлық және заманауи технологиялық шешімдерді енгізудің оң тәжірибелерін талқылады, - деді Есет Байкен.
Сондай-ақ концертте Мәскеу оперетта театрының солисі Леонид Бахталин «Благодарю тебя», «Синяя вечность» әнін орындады.
Айта кетейік, елордада 21 мен 23 желтоқсан күндері «Мәскеу мәдени күндері» өткен болатын.