Үлпершек тағамы кімге арнап пісіріледі


Қазақ дастарқанындағы ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамның бірі – үлпершек, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Үлпершек – ұмытылған дәстүр
«Негізі бұл – ұмыт болған тағам. Себебі қазіргі отбасылар оны әзірлемейді. Мына кішкентай жүректен сондай үлкен мағыналы тағам дайындаған. Ол үлпершек деп аталады. Үлпершекті дайындағанда біз төркіндеп келген қызымызға «Сен алыста болсаң да, бәрібір біздің жүрегіміздесің» деп қарсы алып, тағамды ұсынамыз», - деді Астана қаласы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тайбергенова.
Оны әзірлеу үшін жылқы немесе қойдың жүрегі, қойдың іш майы, пияз, дәмдеуіштер қажет. Алдымен жүректі тазалап, іш майды не етті турайды. Кейін дәмдеуіштерді қосып, сорпада қайнатады.
«Ана қызына махаббатын осы тағам арқылы білдірген. Сондықтан әрқашан қызыма «Жаным, үлпершек дайын болады. Келе ғой» деп қарсы аламын. Әр отбасыға шуақты болып келген Наурыз құтты болсын», - деді кеңес төрайымы.