Әлем кубогы: Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті

Фото: instagram.com/qaz_team_official
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының екінші жарыс күнінде Нұрбек Оралбай рингке көтерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, 80 келідегі Нұрбек Оралбай 1/8 финалда өзіне жақсы таныс Мурад Аллахвердиевпен кездесті.
Қос боксшы бұған дейін 3 мәрте жұдырықтасып, барлығында жерлесіміз басым түскен еді. Осы жолы да Нұрбек білгенінен жаңылмай, барлық раундта қарсыласынан айласын асырып кетті. Қорытынды есеп: 5:0.
Жерлесіміз енді 3 шілде күні ширек финалда өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:24
Елордада әскери колледж курсанттары қарттарды мерекемен құттықтады

Бүгін, 14:05
«Astaufest 2025»: Елордада шебер аспаздардың сайысы өтті

Бүгін, 12:38
Қарттар күні: елордада мейірімділік челленджі басталды (ВИДЕО)

Бүгін, 11:56
Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қарттар мерекесі атап өтіледі