Әлем чемпионатына жолдама қолда: Елена Рыбакина ұтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әлем чемпионатына жолдама қолда: Елена Рыбакина ұтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172103484520255548.webp)
Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан - Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен шеберлік байқасты.
Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді.
Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Екінші сетте қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға кеткенімен, М. Линетт таразы басын теңестірді. Дегенмен, Елена қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 6:2.
Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бүгінге жоспарланған қалған екі кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.
Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйерлер мен командасына алғысын білдірді.
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)
![Жеңіс Қасымбек «Есіл» ауданының тұрғындарымен кездеседі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173875004936709496.webp)