Лагерьде балаларға қолөнер және ағаш өңдеу бойынша дәрістер өтіп жатыр


Астанадағы №63 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия жанында «Балдәурен» жазғы лагері жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Лагерьде балаларға қолөнер және ағаш өңдеу бойынша дәрістер өтіп жатыр.
Лагерь жұмыс істеген уақыт аралығында балалар Астананың бірнеше көрікті жеріне саяхат жасады. Биыл лагерьде 500-ге жуық оқушы демалып жүр.
«Ата-аналардың ұсынысымен біз Ұлттық музейге экскурсияға бардық, саябақтар мен театрларды араладық. Мектеп жанында шеберханалар құрылған, онда ұлдар ағаштан бұйымдар жасауды үйренсе, қыздар қолөнермен айналысып, ұлттық стильде кесте тігуді меңгереді. Біз «Дос болайық» және «Кітап лайк» жобаларын енгіздік, олар жоғары сынып оқушыларына арналған. Бұл бастамалар арқылы балаларға топта жұмыс істеудің маңыздылығын үйретеміз», - деді мектеп-гимназияның орынбасары Мақпал Кержекеева.
Оның айтуынша, әр күннің соңында педагогтар балалармен бірге күнді қорытындылап, келесі күнді одан да қызықтырақ өткізуге дайындалады.