00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халық жазушысы Әкім Тарази референдумға үйінен қатысты

Халық жазушысы Әкім Тарази референдумға үйінен қатысты
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Дауыс беруге қатысқандардың арасында Астананың ең қарт тұрғындарының бірі, көрнекті жазушы, драматург және сценарист 91 жастағы Әкім Тарази болды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жазушының жасын ескере отырып, сайлау комиссиясының мүшелері оның және отбасы мүшелерінің дауыс беруі үшін үйіне барды.

«Ұзақ жылдар бойы еліміздің дамуына куә болған адам ретінде мен әр дауыстың қаншалықты маңызды екенін білемін. 91 жастағы адам ретінде болашақ келесі ұрпақ үшін де біздің таңдауымызға байланысты екенін түсінемін», – деп атап өтті Әкім Тарази.

Таңертеңнен бастап Астанада сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Барлық учаскеде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.

Астанада таңертеңгі сағат 07.00-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:

- Ресми веб-қызмет: referendum.astana.kz

- Telegram-да чат-бот арқылы: referendum_astana_bot

- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;


- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.