00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ерлан Каналимов  «СКМ Девелопмент» компаниясының өкілдерімен кездесті

Ерлан Каналимов  «СКМ Девелопмент» компаниясының өкілдерімен кездесті
Фото: Ерлан Каналимов

Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 «Жұмыс аптасының соңында 2005 жылдан бастап көрші Ресейдің әртүрлі аймақтарында тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқарумен және дамытумен табысты айналысатын «СКМ Девелопмент»компаниясының өкілдерімен кездестік. 2017 жылдан бастап компания Екатеринбургтегі тұрғын үй құрылысы саласында толық циклді жобаларды іске асыруда» , - деп жазды Е.Каналимов.

Оның айтуынша, қонақтар Астанада тұрғын үй жобаларын дамытуға қызығушылық танытқан. Жақын арада «Astana Invest»қаласының инвестицияларды дамыту орталығымен бірлесіп, ынтымақтастық жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылау үшін Индустриялық парк пен «Аверс» үй құрылысы комбинатында көшпелі кеңес өткізілмек.